Abstract:
Бұл диссертациялық жұмыста бигармониялық теңдеудің бейлокал аналогы туралы
түсінік енгізілді. Бұл теңдеулер үшін негізгі шеттік есептерді шешу мәселелері зерттелді.
Сондай-ақ, шекералық шартында бөлшек ретті туынды қатысқан шеттік есептер зерттелінді.
Қисынды қойылған есептердің жаңа кластары анықталды. Шешімнің бар және жалғыз болуы
туралы теоремалар дәлелденді, қарастырылған есептердің шешімінің интегралдық
кейіптемесі алынды.