| dc.description.abstract |
Бұл диссертациялық жұмыста жоғарғы оқу орнында Эйлер интегралдары арқылы
оқытуда жобалау әдістерін қолданудың ерекшеліктері мен ғылыми зерттеу жұмысы
барысында электронды минижобаның орындалуы қарастырылған. Эйлер интегралдарын
есептеу барысында күрделі функцияларды анықтауда, жоғарғы деңгейде сипаттаушы арнайы
функциялармен жұмыс жасалынды. Бұл типтегі функциялар бүтін емес (бөлшек) фунциялар
арқылы сипатталады. Ғылым мен техникада, нанотехнологияларда қолданыста арнайы
функциялармен жұмыс істеу және олардың интерпритациясы қазіргі таңда өзекті
мәселелердің бірі болып табылады. Зерттеу жұмыс барысында Эйлер интегралдарына
қатысты минижобалар дайындалды. Дайындалған жобалар оқу процесінде қолданылды және
проблемалық жағдайларда ұйымдастыру және оларды шешу жолдары қарастырылды.
Ғылыми зерттеу жұмысында проективтік оқыту, зерттеудің жобалық әдістері, қадамдық
әдістер, математикалық талдау әдістері және оқу процесінде жаңартылған технологияларды
қолданудың эксперименттік әдістері кеңінен қолданылды. Эйлер интегралдарын есептеуде
минижобалауды пайдалану технологиясын жасау студенттердің пәнге деген
қызығушылығын арттырады, есептерді шығарғанда креативті шешім қабылдау жүйелерін
кеңейтеді. Жоба әдісі - студенттердің белгілі бір ретпен қабылданған амалдарының, іс
әрекетерінің жиынтығы, технологияны егжей-тегжейлі әзірлеу арқылы дидактикалық
мақсатқа жету тәсілі болып табылады. |
ru_RU |