| dc.description.abstract |
Зерттеу жұмысының кіріспесінде таңдалған тақырыпқа сәйкес зерттеу
тақырыбының өзектілігі ашылып, ғылыми аппараттары даярланды: мақсат,
объект, тақырып, гипотеза, тапсырмалар, зерттеу әдістері.
Бұл магистрлік диссертацияда қазіргі кезде елімізде болып жатқан
өзгерістерге байланысты, коммуникация тақырыбының өзектілігі туралы
ақпараттар берілген. Ғылыми әдебиеттерді терең талдау әртүрлі
ғалымдардағы
бастауыш
сынып оқушыларының қарым-қатынас
мәселелерімен айналысатын ғалымдарды, зерттеу тақырыбына сәйкес
бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынас дағдыларына және оларды
қалыптастыру ерекшеліктеріне байланысты зерттеу бағыттары анықталған.
Диссертацияның бірінші тарау тақырыбына сәйкес бастауыш сынып
оқушыларының коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру ұғымына
кеңірек анықтама беріліп, теориялық негіздері айқындалған, білім беру мен
коммуникативтік дағдыларын қалыптастырудың тиімді әдіс-тәсілдері
таңдалып, моделі жасалынған. |
ru_RU |