Abstract:
Зерттеу жұмысының кіріспесінде таңдалған тақырыптың өзектілігі
ашылып, ғылыми аппараттары даярланды: мақсат, объект, тақырып, гипотеза,
тапсырмалар, зерттеу әдістері.
«Бірінші сынып оқушыларының мазасыздық денгейін төмендетудің
теориялық негіздері» атты бірінші бөлімінде зерттеу тақырыбы негізінде
психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді ғылыми-теориялық зерттеу жүзеге
асырылды. «Мазасыздық» ұғымы, оның себептері мен дамуы, бастауыш
мектеп жасындағы мазасыздықтың көрінісі, сонымен қатар зерттеу
тақырыбының моделі құратырылып, педагогикалық және психологиялық
шарттары ұсынылды.