| dc.description.abstract |
Зерттеу барысында Астана халықаралық қаржы орталығының Қазақстан
экономикасына әсері талқыланды. Ең алдымен қаржы орталықтары түсінігі
мен түрлері жан-жақты талқыланып, өздері орналасқан ел үшін әсер ете
алатын мүмкіндіктері мен кемшіліктері сарапқа салынды. Осы тұрғыда
Лондон, Нью-Йорк және Токио сияқты жаһандық қаржы орталықтарының,
сондай-ақ осы салада елеулі табыстар мен үздіксіз дамуға қол жеткізген
Сингапур және Дубай халықаралық қаржы орталықтарының пайда болуы,
дамуы және ел экономикасына қосқан үлестері анықталды. Келесі бөлімде
Қазақстанның халықаралық қаржы орталығы болу әлеуеті талданып, АХҚО –
ның қазіргі мәртебесі бағаланды. Соңғы бөлімде «Астана» халықаралық
қаржы орталығының экономикаға әсері SWOT талдау арқылы талқыланып,
оның болашақтағы жағдайына шолу жасалды. Талдау көрсеткендей, АХҚО
ның Қазақстанның табысты халықаралық қаржы орталығына айналуы үшін
кейбір күшті жақтары мен мүмкіндіктері болғанымен, ел дамуында кедергі
болатын ықтимал қауіптері де бар екендігі анықталды. |
ru_RU |