Abstract:
Диссертацияда несие картасындағы алаяқтықты анықтау саласындағы
Машиналық оқыту тұжырымдамасына қатысты теориялық аспектілер
қарастырылған. Машиналық оқытудың анықтамасы берілді, сонымен қатар
жіктеу әдістері анықталды және қазіргі банк жүйесінде Машиналық оқыту
әдістерін қолдану мысалдары келтірілген. Жалған транзакцияларды анықтау
мен алдын алуда жақсы нәтиже беретін модель жасау процесі. Бұған күн,
пайдаланушының орналасқан аумағы, сома, жеткізушінің орналасқан аумағы,
және т.б. сияқты карта пайдаланушыларының транзакцияларының барлық
маңызды сипаттамаларын біріктіру арқылы қол жеткізіледі. Ол транзакцияның
алаяқтық немесе заңды екенін жіктей алады.