| dc.description.abstract |
Қазіргі жастардың діни бірегейлігі жеке тұлғаның жаңа формацияларды меңгеру ғана емес, сонымен бірге діндарлықпен үйлеспейтін кейбір қасиеттерін жоғалтуы орын алатын қоршаған ортамен жеке тұлғаның сәйкестендіру нәтижесінде көрінеді. Психоәлеуметтік күйзеліс кезінде діндарлық бейімделу функциясын орындайды, қиын жағдайлардан шығу кезінде тұлғаның қосымша ресурсы ретінде жұмыс істейді. Қазіргі жастардың діни ерекшелігі қоғамға бейімделуді жеңілдетеді, жеке тұлғаның психологиялық қауіпсіздігін нығайтады.
Бұл зерттеуде қазақ жастарының діни бірегейлігін анықтау қарастырылған. Зерттеудің бірінші бөлімінде бірегейлік және жастардың өзін-өзі анықтау механизмдері тоқталған болсақ, ал екінші бөлімінде дін мен бірегейлік және діни идентификацияны әлеуметтік психологиялық құбылыс ретінде зерттеген болсақ, ал үшінші бөлімінде КСРО кезіндегі жастардың рухани вакуумы мен қазіргі тәуелсіз жастардың діни бірегейлігі талқыланады. Осы тұрғыдан зерттеу жұмысы шетелдік ғалымдар мен отандық ғалымдар еңбегі негізінде зерттелген.
Кілт сөздер: діни бірегейлік, сәйкестілік, идентификация |
ru_RU |