Abstract:
Бұл зерттеуде Имам Куртубидің эсхатологиялық көзқарастары қарастырылған. Зерттеудің бірінші бөлімінде Имам Куртубидің өмір сүрген ортасы, өмір жолы мен шығармашылығына тоқталған болсақ, ал екінші бөлімінде Имам Куртубидің өлім мен қабірдегі тіршілікке қатысты мәселелерге көзқарастары, ақыретте орын алатын оқиғалар мен белгілері, қияметте болатын оқиғалар мен қияметтегі жағдайлар талқыланады. Осы тұрғыдан зерттеу жұмысы аяттар, хадистер, талас тудыратын жерлерінде Әһлі сүннет пен Муғтазила мәзһабтары ұстанымдары мен Имам Куртубидің көзқарастары шеңберінде қарастырылған. Нәтижесінде тәпсір ғылымы саласында маманданған Имам Куртубидің «Китаб ут-Тазкира» атты кітабында кәләм ғылымында көп мән берілмеген кейбір мәселелерді шешуде кәламшылардан ерекшеленгендігі, ал кейбір даулы тұстарында болса калам методына сай көзқарас танытқандығы байқалады.
Кілт сөздер: Имам Куртуби, кәлам, эсхатология