Abstract:
Зерттеу жұмысында «Оқушылардың медиасауаттылығы» ұғымының мәні мен
мазмұны талданып, информатиканы оқытуда оқушылардың
медиасауаттылығын дамытудың психологиялық-педагогикалық негіздері
нақтыланды. Информатиканы оқытуда оқушылардың медиасауаттылығын
қалыптастырудың бүгінгі жағдайы мен қажеттілігі нақтыланып, оқушылардың
медиасауаттылығын қалыптастыру моделі құрастырылды. 5-9 сынып
информатика пәнін оқытуда медиасауаттылықты қалыптастыру үдерісінің
әдістемесі жасалған.