Abstract:
Оқырман қауымға ұсынылған қолжазбалардың ғылыми сипаттамасы бірнеше жинаққа топтастырылған. Бірінші жинақта ХХ ғасырдың алғашқы жартысында қадымша жазумен жазылған ел аузынан жинақталған материалдар қамтылған. Түркология ғылыми-зерттеу институтының қорында сақталған қолжазбалар туралы ақпарат пен оларды жинаушылар, жанры, қолтаңбасы, жазылған жылы, жері т.б. мәліметтер ұсынылған.
Жинақ көпшілікке, әдебиеттанушыларға, тарихшылар мен түркологтарға, жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің студенттеріне, магистранттар мен докторанттарға, жалпы әдеби һәм тарихи мазмұндағы еңбектермен танысқысы келетін оқырман қауымға арналады.