Abstract:
XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың басындағы әдебиет ерекше тоқталуды, аса ұқыпты зерттеуді қажет ететін, әр қилы көзқарасты, сан алуан бағыттарды топтастырған, көп қырлы әдебиет екені мәлім. Қазақ қоғамы бұл тұста ауыр отарлық езгіні, сонымен сабақтас әлеуметтік-экономикалық күйзелісті бастан кешті. Отарлық езгі діни рухани езгімен жалғасты. Бұл жағдай ұлттың алдыңғы қатарлы өкілдерінің, оқыған азаматтарының әр түрлі көзқараста өciп жетілуіне әсер eттi.