Abstract:
Бұл диссертациялық жұмыста күн энергиясын пайдаланып кіші қуатты электр станциясын жобалау, күн сәулесіне бағытталған фотоэлектрлік панельді жинақтау және оның тиімділігін есептеу алгоритмдері қарастырылған. Күн сәулесіне бағытталған фотоэлектрлік панель екі электр жетегі көмегімен күн сәулесіне бағытталу процесін амалға асырылған. Диссертацияның тәжірибелік бөлімінде 2 МВт•сағ электр энергиясын өндіретін күн электр станциясы жобаланып, олардың экономикалық тиімділігін есептеу процедурасы көрсетілген.