Abstract:
Диссертациялық жұмыстың мақсаты жел энергиясын қолдана отырып жел генератор қалақшаларының пішіндерін оңтайландыру арқылы жел энергиясын пайдалану тиімділігін арттыру болып саналады.
Бұл жағдайда тек қана генераторлардың қалақшаларын ғана емес ол генераторлардың қондырылған мачтасының пішінінде оңтайландырудың алгоритмдік технологиясы қарастырылған.
Эксперименталдық бөлімде диссертациялық жұмыста келтірілген теориялық алгоритмдерді қолдану арқылы 10 көріністегі жел генераторларының қалақшалары қарастырылып олардың тиімділігі график түрінде бейнеленген.
Жұмыс ауыл шаруашылығында желдік энергетиканы пайдаланудың қазіргі жағдайын көрсету мен сараптауға арналады.
Жасалған және жетілдірілген алгоритмдер ауылдық жерлердегі шағын өндіріс орындары үшін тиімді жел энергетикалық қондырғысын жобалау мен құруға негіз бола алады.