Abstract:
Бұл орайда, жас әйелдерде репродуктивті функциясын жоғалтуына немесе ана өліміне алып келетін БКҚ жиілігі жоғары болуына байланысты тиімді емдеу әдістерін өндіру мақсатта зерттеулерді жалғастыру алға қойылған. Осыған байланысты қан кетумен күресте рациональды хирургиялық емі: соның ішінде жатырға компрессиялық тігіс салу алғашқы этапта аз уақыт ішінде қан кетуін тоқтатуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, массивті қан кетуіне, ТІШҚҰ-синдром дамуына кедергі болады және репродуктивті жастағы әйелдерде жатырды сақтауға жағдай туындайды.