Abstract:
Диссертациялық жұмыста ағылшын тілі сабақтарында іскерлік ойындарды қолданудың тиімді жолдары қарастырылады. Қазіргі таңда білім беру жүйесінде іскерлік ойындарды студенттерді дайындауда және мектеп оқушыларын оқытуда қолданылады. Зерттеу жұмысында іскерлік ойын қызмет саласы мен белсенді оқытудың бір түрі ретінде, сондай-ақ зерттеу, практикалық мәселелерді шешу әдісі ретінде де қарастырылады.Зерттеу барысында барлық дидактикалық әдістер зерттелді: түсіндірмелі-иллюстративті, проблемалық, ішінара зерттеу, зерттеу. Зерттеудің мақсаты - іскерлік ойынды ағылшын тілін оқыту әдісі ретінде талдау.Зерттеу жұмысында іскерлік ойынның анықтамалары, іскерлік ойын ерекшеліктері, ойын барысында алынған білімді бағалау принципі негізделді.