dc.description.abstract |
Жұмыста цилиндрлік денелердегі гармоникалық және стационарлы емес толқындардың дифракциясы қарастырылады. Ортамен өзара әрекеттесуші цилиндрлік денедегі тербелістер зерттелінеді. Есеп елеулі қиындықтармен қоса жүреді, яғни қолданыстағы шекаралық шарттар (Зоммферльдтің сәулелену шарты) серпімді ортадағы денелердің өзіндік тербеліс шешімінің бірегейлігін қамтамасыз етпейді. Бұл жұмыста, белгілі зерттеулерден айырмашылығы қоршаған ортамен өзара әрекеттесетін цилиндрлік денелердің өзіндік және мәжбүрлі тербелісі сәулеленудің балама шартында қарастырылды. Жұмыстың басты мақсаты серпімді ортадағы көп қабатты цилиндрлік денелердің өзіндік және мәжбүрлі тербелістерін есептеудің тиімді әдісін дайындау. Қойылған есепті шешу үшін Фурье интегралдық түрлендіруі, Мюллер және Гаусс әдістері пайдаланылды. Серпімді ортадағыцилиндрлік денелердің динамикалық есебі стандартты компьютерлік бағдарламаларды кеңінен қолдануға мүмкіндік береді, сондықтан ол инженерлерге қол жетімді. |
ru_RU |