Abstract:
Сопылық ойлаудың негізгі тарихи кезеңдері бар. Олар дегдарлық (зухд), тасаууф
(суфи) жҽне тариқат кезеңі деп шартты түрде бҿлінеді. Кезеңдер сопылықтың уақыт
ішінде дамып, ҿзгерістерге ұшырауының ерекшелігіне қарай жіктелген. Дегдарлық
(зухд) кезеңі тарихи тұрғыдан VІІ-VІІІ ғасырларды қамтиды. Осы уақыт аралығындағы
исламның рухани, мағнауи тіршілігінің формасына дегдарлық (зухд), ал ҿкілдеріне
захид, ғабид, нуссах жҽне курра дейді. Дегдарлық кезеңінің ҿкілдері Хасан ал-Басри,
Уҽйс-ал-Қарани, Рабиғат-ул Адауийа, Малик бин Динар т.б. Бұл кезеңнің ерекшелігі
танымға емес, ҿзінің ахлақына, кереметке емес, тура жолға, қысқасы теорияға
қарағанда практикаға кҿңіл бҿлгендігінде жатыр.