Abstract:
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі – бұл
мектепке дейінгі педагогика және психология бөлімінің бір пәні. Бұл -
келешек жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелеу ғылымы. Балалардың сөйлеу
тілін, олардың сөздерді және сөйлемдерді байланыстыра сөйлеуіне,
грамматикалық формада дұрыс сөйлеуінде сондай-ақ тілдің дыбыстық
мәдениетін тәрбиелеуге баулиды. Міне, осындай міндеттерді қарастыра
отырып, болашақ маман кадрларға жоғары білім бере отырып, мектеп
жасына дейінгі балалардың тілін дамытудың әдіс-тәсілдері мен жолдарын
үйретеді. Олардың тілін дамыту әдістемесінің мазмұнын, мақсаттарын
қарастырады. Студенттердің теориялық білімдерін практикамен байланыста
жүргізу мақсатын көздейді.