Abstract:
Оқу құралы неврологиядағы амбулаторлық ауруларды
диспансерлеуге арналған. Оқу құралы «Жалпы медицина» мамандығының
5 курс студенттеріне жүйке жүйесімен сырқаттанған науқастарды
амбулаторлық деңгейде диспансерлеуге арналған қосымша әдебиет ретінде
ұсынылады.
Оқу құралы пәннің типтік бағдарламасындағы негізгі
тақырыптарына сәйкес дайындалған. Студент оқу құралындағы
тақырыптардың мазмұнымен толық танысып, амбулаторлық деңгейдегі
неврологиялық науқастарды диспансерлеуге тәжірибе жүзінде көмегін
береді. Амбулаторлық науқастарды диспансерлеу үшін кезеңімен маршрут
көрсетілген.