Abstract:
Оқу құралында бейнелеу өнері ұғымдары мен терминдерін танудың негіздері, ғылыми таным әдістері қарастырылған. Бейнелеу өнері және сызу мамандығының магистранттарына арналған оқу құралында болашақ педагогтарға жоғары оқу орнында студенттерге өнер ұғымдары мен терминдерін үйретудің жолдары көрсетілген. Оқу құралы университеттердің бейнелеу өнері және сызу мамандығының магистранттары, студенттері мен бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімдеріне арналған.